Жаңалықтар
1 мин оқу 384

Түркістан облысында жоғалып кеткен әйел табылды

<p style="text-align: justify;">Түркістан облысында хабар-ошарсыз жоғалып кеткен әйел табылды, деп жазады <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz.</a> Бұл туралы облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Түркістан облысында жоғалып кеткен әйел табылды

Полицияның хабарлауынша, Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын жұбайы кешкі сағат 19:00 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағанын айтып, арызданған.

Осылайша әйелімен еш байланыса алмай, хабар-ошарсыз қалған ер адам бірден полицейлердің көмегіне жүгінген.

Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде  полицейлер  тәулікке жетпей  әйелді  құрбысының  үйінен тапты. 

Тексеру барысында отбасылық кикілжіңнен соң әйелі күйеуіне ренжіп, ашумен құрбысының үйіне кетіп қалғаны анықталды. Қазіргі таңда ерлі-зайыптыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әйел аман-есен үйіне қайтарылды.

Бөлісу:
Түркістан облысында жоғалып кеткен әйел табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар