Түркістан облысында тұрмыстық техникалар шығарылады
<p style="text-align: justify;">Artel компаниясы Түркістан облысында ас үй плиталарын, қалыптау бұйымдарын және электр су жылытқыштарын шығаратын зауыт салады. Екі кезеңде жүзеге асырылатын жоба аясында 2 мыңнан астам жұмыс орнын ашу көзделуде. Бірінші кезеңде, яғни 2021 жылдың соңына қарай жыл сайынғы қуаты 500 мың бірлік тұрмыстық техника – ас үй плиталары өндірісі іске қосылады. Екінші кезең – 2022 жылдың соңына қарай электр су жылытқыштарын өндіру жоспарланған.</p>

Жобаны іске асыруды инвестициялар тарту және экспортты дамыту жөніндегі "Turkistan Invest" өңірлік агенттігі сүйемелдейді. Ол "бір терезе" қағидаты бойынша жүреді. Жобаның құны - 85 млн АҚШ долларын құрайды. Бұл деректер Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев пен Artel компаниясы тобының өкілдері кездесуінде мәлім етілді. Сондай-ақ М.Мырзалиев серіктестерге өңірдің инвестициялық ахуалы, экономикалық мүмкіндіктері туралы айтып, әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді. «Мұндай жобаларды іске асыру Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығы мен екі мемлекеттің дамуы үшін аса маңызды. Жобаның іске қосылуы елдегі тұрмыстық техниканың импортын алмастыруға және "қарапайым заттар экономикасын" дамытуға қызмет етеді», деді М.Мырзалиев.
Түркістан облысы