Бразилияның Баия штатындағы курортты Коста-ду-Сауипе қаласында 2014 жылғы маусым айында басталатын футболдан әлем чемпионатының топтық турнирі құрамын анықтауға арналған жеребе тарту рәсімі болып өтті. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады. Жеребе нәтижелері топтарды мынадай қалыпта жасап берді: А тобы: Бразилия, Хорватия, Мексика, Камерун.В тобы: Испания, Голландия, Чили, Австралия.С тобы: Колумбия, Грекия, Кот-д'Ивуар, Жапония.Dтобы: Уругвай, Коста-Рика, Англия, Италия.Eтобы: Швейцария, Эквадор, Франция, Гондурас.Fтобы: Аргентина, Босния және Герцеговина, Иран, Нигерия.Gтобы: Германия, Португалия, Гана, АҚШ.Hтобы: Бельгия, Алжир, Ресей, Оңтүстік Корея.Сөйтіп, Атлант мұхитының арғы жағалауында алдағы жылғы жазда өтетін ғаламдық доп додасы жақындап қалғандай болып отыр.Дамир Қожамқұл.Дереккөз: ИТАР-ТАСС.
Бөлісу:
Футбол: Бразилияда жеребе топтар құрамын анықтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар