Аймақтар
2 мин оқу 590

Халық театрлары халықаралық фестивальда топ жарды

<p style="text-align: justify;">Биыл Жетісудың мәде&shy;ниеті жағымды жаңалық&shy;қа толы болды. Әсіре&shy;се, аудандардағы шығар&shy;машылық ұжымдардың өнері өрістеді деуге то&shy;лық негіз бар. Өйткені, ай&shy;мақ&shy;тағы барлық аудан&shy;да халық театрлары құ&shy;рылып, жұмыс істей бас&shy;тады. Ел ішіндегі өнер кенішін паш еткен бұл ұжымдардың алды ха&shy;лық&shy;аралық байқауға қа&shy;тысып, жүлде алып та үлгерді.</p>

Халық театрлары халықаралық фестивальда топ жарды

Мысалы, жақында ғана қай­та құрылған «Қарадала» және «Хантәңірі»  халық театрлары алғашқы өнер жарысынан ол­жалы оралды. Ұйғыр ауда­нындағы өнер ұжымы бай­қауда Гран-При иеленсе, Райымбек ауданындағы өнерлі жас­тардың қатысуымен ашылған шығармашылық топ бірінші орын алды. Қос ұжым Германияның Майндағы Франкфурт қаласында өткен «Жылдың бесінші мау­сымы» атты онлайн фестивальға Абайдың «Ескендір» поэма­сы негізінде жасалған спектакль мен  ақиық ақын Мұқағали Мақатаев­тың «Аққулар ұйықтағанда» поэ­тикалық-сазды драмасын ұсын­ған екен. «Қарадала» мен «Хантәңірінің» өнері халық­а­ралық дәрежедегі өнер шебер­лерінің көңілінен шығып, бірден қос жүлделі орынды жеңіп алды.

Жалпы, биылғы онлайн бай­қауға әлемнің бірнеше елі­нен кәсіби драма театрлары қатысыпты. Оның ішінде Қы­рым­ның музыкалық театры, Кипрдің «Dell Art» театры, Еуро­паның бірнеше пластикалық театры және екі әдеби театр, бір хор театры және басқа да театр-студиялар мен балалар театр­ларының өнері сынға түскен. Сүйінерлігі, Германия, Ресей, Беларусь елдерінің театр сын­шылары қазылық еткен фести­вальда Жетісудың жаңадан ашыл­ған халық театрларының қо­йы­лымы топ жарды. 

Халық театрларының халық­аралық байқауға қатысуына белгі­лі өнер қайраткері, актер, режис­сер Асқар Наймантаев ұйыт­қы болған екен. Жал­пы, жетісулықтар Асқар Найман­таев­тың еңбегін биыл тұсауы ке­сілген Райымбек ауданы мен Ұйғыр ауданындағы әуес­қой өнер ұжымдарының ұйым­дас­тырушы ретінде жоғары баға­лайды. Онлайн фестивальға да осы екі театрдың қатысуына өз ба­тасын беріпті. Тәуелсіз жарыс болғасын қатысушылар қо­мақты жарна төлеуге міндетті бол­ған. Ал қажетті қаражатты «Хантәңірі» театрын қанатының астына алған Райымбек аудандық мәдениет үйінің директоры Еркін Рахымжан мен «Қарадала» театры­ның ноқта иесі, Ұйғыр аудан­дық мәдениет үйінің директоры Салтанат Ермұхамбетова демеу­шілерге жүгініп жүріп тапқан екен.

– Бұл байқауды ұйымдас­тырушылардың сайтында­ бұ­рын­нан тіркелген едім. Фес­тиваль көпжанрлы байқау ретін­де қы­зықтырып жүрген-ді. Әрі бай­қауға кәсіби ғана емес әуесқой, студенттік тіпті балалар театр­лары да қатыса алады екен. Шар­тын түгел орындап, екі театрды тіркедік. Біздің спектакльдер еуро­палықтарға тың тақырып бол­ғандықтан, сұрақ көп болды. Абайдың «Ескендір» поэ­ма­сын Е.Винокуров деген адам орысшаға аударған екен, соны тауып алып, қазыларға жібер­генмін. Еуропалықтарға Ескендір туралы аңыз қызықты екен, біздің қойылымды тың жа­ңалық деп қабылдады. Ал, Мұқағалидың «Аққулар ұйық­тағанда» шығармасын өз сөзім­мен қысқаша мазмұндап жазып жіберген едім, қазыларға түсі­нікті болу үшін. Қойылым ұнап­ты. Жоғары баға алды. Айт­пақшы, мен өтініш анкетасына екі театр­ды да «халық театры» демей,
«театр» деп жіберген едім. Ен­ді оны толық жазуға  ан­­кета па­рағындағы орын тар болды... Есесіне, қазылар алқа­сы «Екі бірдей музыка әрі дра­ма театры­н ашыпсыңдар, бұл тамаша жетістік» деп тілек­тестік білдіріпті. Осылайша, Герма­нияның Майндағы Франкфурт қаласында өткен «Жылдың бесін­ші маусымы» атты онлайн фес­тивалінің бас жүлдесі мен бірінші орны ауылдағы өнерлі ағайынға бұйырды, – дейді Асқар Наймантаев.

Алматы облысы

Бөлісу:
Халық театрлары халықаралық фестивальда топ жарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар