Қазақстан
1 мин оқу 202

Ғылымды ілгерілету маңызды

<p style="text-align: justify;">Біздің әрбір күніміз, әрбір сағатымыз тәуелсіз болуы тиіс. Егеменді ел болғанымызға келер жылы 30 жыл толады. Бұл уақыт санамыздың, түйсігіміздің тазаруы туралы әңгімеге айналуы шарт.</p>

Ғылымды  ілгерілету маңызды

Азаттық, әсіресе, жас буын санасына серпіліс беруі керек. Ал біз, аға буын жастарды жетелемей, керісінше солардың жете­гінде келе жатырмыз. Өскелең ұрпақ – сауатты. Тек үлкендер жастарға тәуелсіздік туралы кеңіс­тікті кеңейте алмай отыр. Біз жас­тарға: «Менікі дұрыс, менің айт­қаныммен жүр», деп үнемі қы­сым жасаймыз. Бұл қате. Жас­тар саналы сараптап, жағдайды өздері өзгертуі керек. Ол үшін тәр­бие, білім, мәдениет және ғы­лымды ілгерілетуіміз қажет. Осы дүние­лерді көтерсек, әр нәрсе өзінің қанық бояуына енеді.

Бүгінде Тәуелсіздіктің 30 жыл­дық мерейтойы қарсаңында тұр­мыз. Бұған қоса ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150, ал хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойы қатар келді. Әбу Насыр әл-Фараби осыдан он ғасыр бұрын өмір сүрген. Ал Абай Құнанбайұлы одан тоғыз ға­сыр кейін қазақ даласын мекен етті. Осы 900 жыл аралығында та­рихта небір жағдай орын алды. Әлем­нің екінші ұстазы он ғасыр бұрын айтып кеткен дүниелерді то­ғыз ғасырдан кейін ұлы Абай қай­­талап отыр. Бұл ұрпақтар сабақ­тас­тығының үзілмегендігін көр­сетеді. Неге үзілмеді? Бірін­шіден, мұсылмандығымыз, екінші­ден түркі тілі. Осы екі фактор Әбу Насыр әл-Фарабидің айтқандарын Абай заманына, Абай біздің заман­ға жеткізді. Бұл рухани байлық қазақ халқының көрегендігі мен даналығының арқасында сақталып қалды. Бұның барлығы – тұғырлы тәуелсіздігіміздің жемісі.

Ғарифолла ЕСІМ,

ҰҒА академигі,

философия ғылымдарының докторы, профессор

Бөлісу:
Ғылымды ілгерілету маңызды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар