Қоғам
1 мин оқу 290

Павлодарлық полицейлер тұрғындардың алғысын алды

<p style="text-align: justify;">Павлодар облысы Железин ауданының тұрғындары полицейлерге алғысын білдірді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisia.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Железин ауданының тұрғындары полиция қызметкерлеріне шапшаңдығы мен жоғары кәсіби шеберлігі үшін алғысын білдірді, олардың сауатты және үйлестірілген іс-қимылдарының арқасында қылмыс қысқа мерзімде ашылды.

Ауыл тұрғындары пластикалық терезелер орнатумен айналысамын деген алаяқтың торына түскен. Жедел-іздестіру шаралары барысында қаскүнем анықталып, қамауға алынды. Ол Ақсу қаласының 40 жастағы тұрғыны болып шықты. Сотқа дейінгі тергеу барысында қылмыстық қудалау органдары Алакөл ауылының тұрғындарына келтірілген материалдық залалды өтеу бойынша шаралар қабылдады.

Алаяқ ауыл тұрғындарына келтірілген шығынды толығымен өтеді. Қазіргі уақытта тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жіберілді.


Бөлісу:
Павлодарлық полицейлер тұрғындардың алғысын алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар