Өнер
1 мин оқу 215

«Самғаның» бишілері шетелде топ жарды

<p style="text-align: justify;">Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің &laquo;Самға&raquo; би тобы Лондонда өткен халықаралық шығармашылық фестивалінде 1-орын иеленді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Самғаның» бишілері шетелде топ жарды

Қашықтан ұйымдастырылған фестивальде көптеген мемлекеттің өкілдерімен бақ сынасқан жас зияткерлер қазақ биін орындап, үздік деп танылды.

11-сынып оқушысы Баян Сарибаева жеке орындауда ерекшеленіп, Польшаның  «DIGI-TALENTY. JESIEN-2020» халықаралық фестивалінде «Қыз қиялы» атты  би қойылымымен бірінші дәрежелі диплом иегері атанды.   

Айта кетейік,  «Самға» би тобы Зияткерлік мектеп жанынан құрылған. Бүгінде ұжымның 50-ден астам белсенді  мүшелері  әртүрлі жанрдағы биді меңгеріп, ұлттық өнер насихатына үлестерін қосып жүр.

Бөлісу:
«Самғаның» бишілері шетелде топ жарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар