Аймақтар
1 мин оқу 274

Бір тәулікте 8 қылмыстың беті ашылды

<p style="text-align: justify;">Қылмыстың алдын алу, ізін суытпай ашу, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол апаттылығын болдырмау мақсатында 22-24 желтоқсан күндері республика көлемінде &laquo;Құқық тәртібі&raquo; жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Бір тәулікте 8 қылмыстың беті ашылды

Осыған орай, Қызылорда облысында бір тәулікте полиция қызметкерлері 8 қылмыстың бетін ашты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте ОПД Жергілікті полиция қызметінің бастығы Бауыржан Ибраев мәлімдеді.

Жедел профилактикалық іс-шарасы аясында ішкі істер органдарында есепте тұрғандардың 241-і тексерілді. Бұрын жасалған 2 ұрлық ашылды. Облыс бойынша барлығы 273 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, оның ішінде, қоғамдық орындарда масаң күйде болған 26 адамға, түнгі тыныштықты бұзған 11 тұрғынға, алкоголь өнімдерін сату тәртібін бұзған 3 азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Бөлісу:
Бір тәулікте 8 қылмыстың беті ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар