Қоғам
2 мин оқу 190

Мереке қоныс тойға ұласты

<p style="text-align: justify;">Тәуелсіздік күніне орай Түркістан облысының бірқатар тұрғыны баспаналы болып, қуанышқа кенелді. Сайрам ауданы әкімдігі тарапынан мұқтаж ретінде бірінші кезекте тұрған 10 отбасына баспана кілті табысталды.</p>

Мереке қоныс тойға ұласты

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдар­ламасы аясында Сайрам ауданындағы көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджет есебінен 252 млн теңге қар­жы бөлінген. Бұл қаражатқа 30 бас­пана алу жоспарланған. Қазіргі таң­да санитар­лық-эпидемиялық және тех­никалық талаптарға сәйкес келе­тін 26 тұрғынжай сатып алынды. Тағы 4 үйдің талапқа сәйкестігі анық­талуда. Аудан әкімі Ұласбек Сәді­беков жоспарға сәйкес 30 баспана аудан­дағы мемлекеттік тұрғын үй қоры­нан баспанаға мұқтаж ретінде тір­келген көп балалы отбасыларға бері­летінін айтады. Бүгінде аудан аумағын­да бас­панаға мұқтаж ретінде 370 көп­ балалы отбасы тіркелген.

Ал Төлеби ауданында 46 отбасы баспа­налы болды. Олардың ішінде 21 отбасы – әлеуметтік жағынан осал топ, 6 – ата-анасының қамқор­лы­­ғын­сыз қалған балалар, 9 – көп балалы отбасы және 11 – мемлекеттік қызметкерлер. Бүгінде Төлеби ауданы бойынша барлығы 3 879 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде: ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатында – 293, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары санатында – 1770, көп балалы отбасылар – 385, мемлекеттік, әскери және бюджеттік мекеме қызметкерлері санатында 1431 азамат тіркелген. Келесі жылы ауданда 20 пәтерлік 9 көп қабатты тұрғын үйді пайдалануға беріп, 180 отбасын тұрғын үймен қамту жоспарлануда. Тәуелсіздік күні Ордабасы ауданы Қарақұм ауылының тұрғындары үшін де ұмытылмас қуаныш сыйлады. Жаңа спорт кешені пайдалануға беріл­ді. Жалпы, Ордабасы ауданының спорт саласында айтулы жұмыстар атқа­рылып келеді. Биыл жергілікті бюджет есебінен Ұялыжар мен Темір­лан ауылынан ашық алаңша мен стрит воркаут ашылған болатын. Аудан орталығындағы саябақ та осындай нысанмен толықты. Көп қабатты үйлердің ауласында 2 ашық алаңша, «Бәйтерек» мектебінің спорт залы мен алаңшасы салынды.

Бөлісу:
Мереке қоныс тойға ұласты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар