Аймақтар
2 мин оқу 410

Оқушы «Елбасы медалін» алды

<p style="text-align: justify;">Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған &laquo;Қамқорлық&raquo; жобасы аясында Рудный қаласында пайдалануға берілген оңалту орталығының ашылу рәсімінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанайдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы София Синицинаға &laquo;Елбасы медалін&raquo; тапсырды.</p>

Оқушы «Елбасы медалін» алды

6 жасынан шахматпен айналысатын София бірнеше жыл қатарынан облыстық және қалалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр. Софияның  әдебиет пен өнерге де талабы зор. Осыдан екі жыл бұрын «Алтын медаль – 2018» халықаралық конкурсының жеңімпазы атанған ол биыл Абай Құнанбайұлының 150 жылдығына арналған республикалық байқауға қатысып, мәнерлеп оқудан 1-орынды жеңіп алды. София сонымен қатар математика мен орыс ті­лі пәндерінен қалалық олимпиада­лардың жеңімпазы. Бұл аз десеңіз, жас суретшілерге арналған конкурс­тардан марапаттары тағы бар.

– «Елбасы медалі» жобасы өзім сияқ­­ты талапты жастардың жан-жақ­ты дамуына мүмкіндік бе­реді. Мысалы, мен аталған жоба арқылы волонтерліктің жастарға қанат бітіретін қоғамға аса пайдалы қозғалыс екенін түсіндім. Сондай-ақ ескіден қалған тарихи жәдігерлердің біз үшін қаншалықты маңызды еке­ніне көз жеткіздім. Елбасының тікелей қамқорлығымен жүзеге асырылып жатқан игі жобаның жастарға берері мол, – дейді София.

Үйлестірушілердің айтуынша, «Елбасы медалі» – жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық дең­гейдегі жалғыз бағдарлама. 14-29 жас аралығындағы жастарға ар­налған бағдарлама спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы сияқты 7 негізгі бағыттан тұрады.

2020 жылы «Елбасы медалі» бағдарламасы 11 мыңнан астам қатысушыны, 600 тәлімгерді, 17 аймақтық үйлестірушілер мен сарапшыларды қамтыған. «Елбасы медалінің» иегерлері білім грант­тарын тағайындау кезінде заңна­мада белгіленген тәртіппен артық­шылыққа ие болмақ.

Бөлісу:
Оқушы «Елбасы медалін» алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар