Елорда
1 мин оқу 1,090

Қызын жалаңаш күйде далаға қуған әйел қалай жазаланады?

<p style="text-align: justify;">Елордада 35 жастағы әйелдің ісі қаралуда, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a> тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«23 желтоқсанда сағат 21.20 шамасында полицияға елорда тұрғындарының бірінен хабарлама түсті. Ол өзінің көршісі 6 жастағы ұлы мен 8 жастағы қызын сабап, сыртқа қуып жібергенін айтқан», делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері осы оқиғаға қатысты 35 жастағы әйелден жауап алған. Ол осындай амалмен көршілердің кір қыстырғышын рұқсатсыз алып, ойнаған балаларын жазалағанын айтқан.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті аталмыш отбасын арнайы есепке тіркеді. Қазір құқық қорғаушылар істің мән-жайын жан-жақты зерттеуде. Зерттеу қорытындысы бойынша балалардың заңды өкіліне қатысты шешім қабылданады.

Бөлісу:
Қызын жалаңаш күйде далаға қуған әйел қалай жазаланады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар