Руханият
1 мин оқу 480

Түркияда «Абай» телехикаясы көрсетіледі

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазақстан&raquo; телерадиокорпорациясының ұлы Абайдың 175 жылдығына арнап түсірген &laquo;Абай&raquo; тарихи телехикаясы Түркияда көрсетілмек, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Телеарна мәліметінше, Түркияның мемлекеттік «TRT» телерадиокорпорациясы өз арналарында «Абай» телехикаясын көрсетуге қызығушылық танытқан. Қазір екі арна арасында келісім жасалуда. ⠀

«Сонымен бірге сериалға ТМД-дағы ең үздік онлайн-кинотеатр саналатын IVI.RU платформасы қызығушылық білдіріп отыр. Қазіргі уақытта келіссөздер жүргізілуде», деді телерадиокорпорацияның баспасөз қызметінен.

6 бөлімді телехикая ағылшын және орыс тілдіріне де аударылып жатыр. «Абай» телехикаясы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы негізгі оқиғаларды арқау ете отырып, Абай өмір сүрген кезеңді бейнелейді. Туындының режиссері – Мұрат Бидосов.

Телехикаяға жазушы-драматург Дулат Исабеков кеңесшілік етті. Басты рөлді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов сомдады.

Бөлісу:
Түркияда «Абай» телехикаясы көрсетіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар