Аймақтар
1 мин оқу 584

Әкім ақынға қолдау көрсетті

<p style="text-align: justify;">Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев журналист, ақын Рысты Бекбергеновмен кездесті, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Әкім ақынға қолдау көрсетті

Бүгінде  90 жасқа келген Рысты Сейітжанқызы ұзақ жылдар облыстық «Сыр бойы» газетінде еңбек еткен. «Тұңғыш кітап», «Ана жүрегі», «Жырға сапар», «Өмірім өлеңменен өрнектелген», «Өмірдің ақ-қарасы» атты кітаптары баспа бетін көрген ақын әлі де қолынан қаламын тастаған жоқ.   

Кездесуде қала әкімі қаламгердің жуырда өзінің қолдауымен басылып «Өлеңім - менің тұңғышым» таңдамалы туындысын табыстап, «Бұл кітаптарды енді қала кітапханаларына қойып, оқырмандар қолына тигіземіз», деп алдағы уақытта да ақын шығармашылығын насихаттауға қолдау танытатындығын жеткізді.

Бөлісу:
Әкім ақынға қолдау көрсетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар