Кино
1 мин оқу 250

Елордадағы кинотеатрлардың жұмыс істеу тәртібі түсіндірілді

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева қаладағы кинотеатрлардың жұмыс тәртібі қалай болатынын айтып берді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, 26 желтоқсаннан бастап кинотеатрлардағы орындар санын 30 пайыздан асырмай, көрермендерді екі орын сайын және қатар бойынша шахмат тәртібімен отырғызу арқылы, күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, кинотеатрлардың жұмыс істеуіне рұқсат беріледі.

Кинотеатрлар жұмыс, демалыс және мереке күндері сағат 10:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істейді. Егер карантин талаптары бұзылса, кинотеатрлардың жұмысы тоқтатылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтанда 26 желтоқсаннан бастап кинотеатрлардың жұмыс істеуіне рұқсат етілді.

Бөлісу:
Елордадағы кинотеатрлардың жұмыс істеу тәртібі түсіндірілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар