Аймақтар
1 мин оқу 170

Сарыағашта карантин кезінде жұмыс істеген ойынхана анықталды

<p style="text-align: justify;">Түркістан облысы Сарыағаш ауданында карантин кезінде жұмыс істеген букмекерлік кеңсені анықталды. Бұл туралы облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="https://www.egemen.kz/">Egemen.kz.</a></p>

Сарыағашта карантин кезінде жұмыс істеген ойынхана анықталды

Сарыағаштық  полицейлер рейдтік жұмыстар жүргізу кезінде Жетісай-Шымкент тас жолы бойында түнгі уақытта букмекерлік кеңсенің жұмыс істеп тұрғанын анықтады. Тексеру барысында ойынхана ішінде 4-5 келуші болған.

Аталған жайт қылмыстық кодекстің 307-бабы «Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» бойынша тіркелді.

Сонымен қатар заңға қайшы келетін заттар болуы мүмкін екені ескеріліп, ойынханадан 6  дана процессор, 2 дана ойын аппараты мен чек-фиксаторы айғақты зат ретінде тәркіленді. Тиісті сараптама тағайындалды.

Қазіросы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер ойынханаға қатысты мән-жайды толық тексеріп жатыр.

Сонымен қатар ойынхана иесіне   ӘҚБтК-нің 425-бабы "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің бұзылуы" бойынша  хаттама толтырыды.

Бөлісу:
Сарыағашта карантин кезінде жұмыс істеген ойынхана анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар