Экология
1 мин оқу 542

ЭкоАсар акциясы аясында 30 тонна қайта өңделетін материал жиналды

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы мен білім беруді жаңғырту орталығы &laquo;ЭкоАсар - игі істер марафоны&raquo; бастамасының 2-кезеңінің қорытындысын шығарды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Акция нәтижесінде 30 тоннаға жуық қайта өңделетін шикізат жиналды. Ақша сертификаттарына «Абай» кітаптар үйінен білім беру ұйымдарына көркем әдебиет сатып алынды. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары - 22 балабақша - 13 650 тонна макулатура жинап, ақша сертификаттарына 605 дана кітап сатып алды. 39 мектеп 13 332 тонна макулатура жинап, ақша сертификаттарына 419,840 мың теңге 362 дана кітап сатып алды.

Сондай-ақ іс-шара барысында «Приключения Гринэйков» экологиялық ертегілер жинағы және «Рожденные мечтать» комиксі ұсынылды. Балаларға арналған басылым бес бөлімнен тұрады және сиқырлы Тазақала қаласының кішкентай және батыл тұрғындарының оқиғаларын қамтиды. «Рожденные мечтать» - бұл жасөспірімдер экологиялық проблеманы шешу үшін күш біріктіретін графикалық роман.

Барлық санитария нормаларын сақтай отырып өткізілген іс-шара соңында жеңімпаздар марапатталды. Барлық балаларға - бастамаларға қатысушыларға сыйлық ретінде № 83 мектеп-гимназиясының оқушылары мен «Современник» халық театры актерлерінің қатысуымен «Экологическая сказка для друзей!» қойылымы көрсетілді.

Бөлісу:
ЭкоАсар акциясы аясында 30 тонна қайта өңделетін материал жиналды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар