Руханият
1 мин оқу 300

Жүз жасында Абайды жатқа оқиды

<p style="text-align: justify;">Ұлы Абайдың өлеңдері жүз жасқа таяп қалған кейуананың өзіне рухани азық, күш-қуат береді. &laquo;Абай атамыздың ойлы сөздері, өнегелі жырлары оқыған сайын жанды жадырата түседі&raquo;, дейді Балқаш қаласында тұратын 96 жастағы Рахила Ержанова. Бір қызығы, жүзге қадам басқан қария хакімнің өлеңдерін кез келген жерінен үзіп алып, жатқа оқи береді екен.</p>

Жүз жасында Абайды жатқа оқиды

Рахила Ержанова әжей 1924 жы­лы Балқаш көлінің жағасындағы балық­шы­лар ауылы Тасаралда дү­ние­ге келген. Аумалы-төк­пелі заманда бес-ақ сы­нып­тық білім алыпты. Тұрмыс құрғаннан кейін кү­йеуімен бірге балық аулау шаруашылығында еңбек ет­кен. Екі баланы дүниеге әкеліп, оларға өнегелі тәр­бие береді. Жұмысының ты­ғыздығына, оқуының аз­дығына қарамастан бар күшін балаларының білім алуы­на жұмсап, олардың бойындағы әдебиетке деген сүйіспеншілікті оята білген.

Кейуананың қызы Баян Аяшбекова анасының Абай шығармаларына ерекше құнт қоятынын мақтанышпен айтады.

– Ол заманда оқи алатын әйелдер аз болған ғой. Көбі тек қана үй шаруа­шылығымен айналысты. Бірақ менің анам жұрттан жасырса да, өз бетімен оқуға тырысып, білімін жетілдіріп отыр­­ған. Қазақ ақындарының шығар­маларын, әсіресе Абайды сүйіп оқиды, – дейді ол.

Бүгінгі күнде Рахила әжей­­­дің 9 немересі мен 16 шө­бересі бар. Олардың бар­лы­ғы да өнерлі, көбі өлең­ге құ­мар, ән салғанды ұна­тады. Ал кейуананың өзі көз жа­на­рының көмескі тарт­қанына қарамастан, Абайдың кітабын қолынан тастамай, үзбей оқып отырады.

Қарағанды облысы,

Балқаш қаласы

Бөлісу:
Жүз жасында Абайды жатқа оқиды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар