Теннис
1 мин оқу 112

Жеті отандасымыз бақ сынайды

<p style="text-align: justify;">Теннистен келесі жылдың ең алғашқы &laquo;Үлкен Дулыға&raquo; турнирі ақпанның 8-21 аралығында өтеді. Қазақстанның алты өкілі Аустралия ашық чемпионатының негізгі кезеңіне жолдама алды.</p>

Жеті отандасымыз бақ сынайды

Қыздар арасындағы бәсекеде Елена Рыба­кина, Юлия Путинцева, Зарина Диас және Ярослава Шведова ел намысын қорғайтын болса, ерлер сайысында Алек­сандр Бублик пен Михаил Кукушкин өнер көрсетеді. Сонымен қатар жұптық сайыста Александр Бублик Андрей Голубевпен бірге бақ сынайды.

Сондай-ақ Дмитрий Попко жарысты іріктеу кезеңінен бастайды. Пандемияға байланыс­ты ерлердің іріктеу жарысы До­хада өтеді. Сонымен қатар биыл Аустра­лияның ашық чемпионаты ерекше фор­матта ұйымдастырылмақ. Ереже бойынша, спортшы­лар Жасыл құрлыққа жарыстан екі апта бұ­рын келіп, 14 күндік карантиннен өтуі тиіс.

Бөлісу:
Жеті отандасымыз бақ сынайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар