Әлем
1 мин оқу 490

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 19 миллионнан асты

<p style="text-align: justify;">Johns Hopkins Университетінің мәліметі бойынша АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны&nbsp;&nbsp;19 миллионнан асты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Университет мәліметінше, Америка Құрама Штаттарында 19 132 446 адам коронавирус жұқтырған. Індет жұқтырғандардың көшін Калифорния штаты бастап тұр. Онда 2 156 111 жағдай тіркелген, одан кейінгі орындарда Техас (1 690 986), Флорида (1 271 979), Иллинойс (937 909), Нью-Йорк (922 145) тұр. Жалпы АҚШ-та коронавирустан барлығы 333 115 адам қайтыс болды.

Айта кетейік, пандемия басталғалы бері әлемде шамамен 80,7 миллион адам коронавирус жұқтырды, 1,7 миллионнан астам адам көз жұмды.

Бөлісу:
АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 19 миллионнан асты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар