Елорда
1 мин оқу 170

Целиноград ауданындағы ағаш өңдеу цехынан өрт шықты

<p style="text-align: justify;">Ақмола облысының Целиноград ауданындағы ағаш өңдеу цехынан өрт шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Ведомство өкілі хабарлағандай, өрт бүгін түнгі сағат 00:22 шамасында Қосшы аулында болған. Қазандықтан шыққан өрт, ағаш өңдеу және металл өнімдері цехынан шығып, 750 шаршы аумақты шарпыған.

Өртті ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 14 қызметкер және 2 техника, Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД 14 қызметкер және 2 техника, жергілікті атқарушы органдардан 2 адам және 1 техника, жедел жәрдем медициналық қызметінен 5 адам және 2 техника, сондай-ақ ДП 6 қызметкер және 3 техника жұмылдырылды.

"Өрт сағат 02:35 ауыздықталып, 04:20 сөндірілді. «Сол маңдағы жатаханада болған 29 адам (оның 4 бала) қауіпсіз жерге шығарылды. Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", деп айтты ведомство өкілі.

Бөлісу:
Целиноград ауданындағы ағаш өңдеу цехынан өрт шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар