Ішкі істер министрі жамбылдық еріктіні марапаттады
<p style="text-align: justify;">Жамбылдық ерікті Еркін Әбдиев қоғамдағы белсенді қызметі үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің алғыс хатын иеленді, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a>.</p>

Еріктіні Жамбыл облыстық полиция департаментінің бастығы, полковник Жанат Сүлейменов қабылдап, оған министрдің атынан арнайы алғыс хат табыс етті.
Еркін Әбдиев Жамбыл облысының полиция департаментіне қарасты есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жұмысына көмек көрсете отырып, есірткіге қарсы күреске бағытталған түрлі іс-шараларға үнемі белсене қатысып келеді.
«Мен үшін бұл – жоғары марапат! Менің жұмысым туралы Ішкі істер министрлігінде белгілі болғаны өте қуантады. Мен қоғамға нақты пайда әкелетін осы бағыттағы жұмысымды жалғастыра беремін», дейді Еркін Әбдиев.