Қоғам
1 мин оқу 414

Жылжымайтын мүлік құжаты электронды түрде беріледі

<p style="text-align: justify;">Былтыр қараша айынан бастап жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын электронды түрде алу мүмкіндігі астана мен Шымкент қаласының тұрғындарына берілген-ді. Енді &laquo;Азаматтарға арналған үкімет&raquo; мемлекеттік корпорациясы &laquo;Ұлт&shy;тық ақпараттық технологиялар&raquo; АҚ-мен бір&shy;лесіп, аталған мемлекеттік қызметті Қазақ&shy;станның барлық өңірінің тұрғындары egov.kz электронды үкімет порталынан алуына мүмкіндік жасады. Жаңа қызмет қазақстандықтарға ХҚО-ға бармай-ақ, жыл&shy;жымайтын мүлік техпаспортын онлайн алуға мүмкіндік береді.</p>

Жылжымайтын мүлік құжаты электронды түрде беріледі

Электронды техпаспортты электрон­ды үкімет порталында алу үшін «Жыл­жы­майтын мүлік» бөліміне кіріп, «Жыл­жымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын алуға электрон­ды өтініш беру» қызметін таңдау қажет. Пәтер­лердің, жатақ­хана бөл­меле­рінің, жеке гараждардың және саяжай құры­лыстарының құқық иелері онлайн сұрау салғаннан кейін тізімде көр­сетілген құ­жат­тарды тіркеуі қажет. Құ­жат­ты дайындау мерзімі жылжымайтын мүлік түріне байланысты. Техникалық тексеру қорытындысы бойынша пәтердің, жатақ­хана­лардағы бөлменің техпаспорты үш жұмыс күні, жеке гараждар мен саяжай құры­лыстарына бес жұмыс күні өткен соң беріледі. Пәтер, жатақхана бөлмесі, жеке гараж­дар мен саяжай құрылыстарына рәсім­­делетін электронды техпаспорт ХҚО-да қол­таңбамен расталып, мөр басылып бері­летін құжаттағыдай бірдей деректерді қам­тиды. Техпаспорттың электронды баламасы Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге тар­тылған қызметкерлердің электронды-цифр­­лы қолтаңбасымен расталатын болады.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан және Шым­кент қалаларында жүзеге асырылған қанат­қақты жоба аясында 12 мыңнан астам қазақ­стандық жаңа техпаспортты электронды тәсілмен алған.

Бөлісу:
Жылжымайтын мүлік құжаты электронды түрде беріледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар