Руханият
2 мин оқу 280

Волонтерлер марапатталды

<p style="text-align: justify;">Талдықорғанда Волонтер жылының жабылуына арналған салтанатты кеш өтіп, онда жылдың үздік еріктілеріне Алматы облысы әкімінің &laquo;Asyl J&uacute;rek&raquo; сыйлығы табыс етілді. &laquo;Рухани жаңғыру&raquo; бағдарламасының қағидаттарына сәйкес азаматтық бастамаларды және өңірдегі волонтерлер қозғалысын қолдау мақсатында өңірдің белсенді тұрғындарына жеті номинация бойынша марапаттар табысталды.</p>

Волонтерлер марапатталды

Алматы облысы әкімдігінің ақ­па­ра­ты бойынша елімізде төтенше жағ­дай режімі кезінде облыс еріктілері 26 мың отбасына көмектесіп, өңір тұрғындарына 80 мың медициналық маска таратқан және жедел желі телефо­ны арқылы түрлі мәселелер бо­йын­ша 50 мың тұрғынға кеңес берген.

Осы­лайша, 7 аталым бойынша «Asyl Júrek» сыйлығының 7 жеңім­паз­­дары марапатталды:

«Asyl Júrek: Мұрагер». Этно ерік­ті­лік – Александр Сон;

«Asyl Júrek: Жан жылуы». Әлеу­мет­­тік волонтерлік – Амангелді Тола­мысов, «Харекет» қайырым­ды­лық қоры­ның волонтері»;

«Asyl Júrek: Табиғат Сүйер». Эко волонтерлік – Сергей Тандеев, «Қаз ЭКО» қо­ғамдық қорының директоры, «Во­лон­терлік қозғалыс» экотобын құрушы;

«Asyl Júrek: Хайуанаттар қорғау­шы­сы». Зооволонтерлік – Вероника Гузенко, «Зооклуб» қоғамдық қоры­ның жетекшісі;

«Asyl Júrek: Көзсіз ерлік». Төтенше жағдай еріктілігі – Оксана Әмірға­лие­ва, «LIDER.KZ» жоғалған адамдарды іздеу» клубының волонтері;

«Asyl Júrek: Білгенімен бөліс­кен». Онлайн-волонтерлік – Әлішер Бек­­мұс­тафаев, Мектеп волон­тер­­­­лері клубының президенті, «Birgemiz: Bilim-2020» жобасының мү­­ше­сі;

«Asyl Júrek: Шипагер». Меди­ци­налық еріктілік – Алмабек Батқал­беков, 2005 жылдан бастап Талды­қор­ған қаласының Жедел жәрдем стан­сасында жұмыс істейді;

«Asyl Júrek: Халық жанашыры». Әлеу­меттік еріктілік – Хумар Хадыс­ұлы, 2017 жылдан бастап Талды­қор­ған қаласына қарасты Еркін елді­ мекенінің мешітінде жұмыс істей­ді.

Іс-шара барысында «Рухани жаң­ғы­ру» қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төра­ғасы Данияр Есин «Asyl Júrek: Мұрагер» аталымының жеңімпазы Александр Сон мен «Asyl Júrek: Біл­ге­ні­мен бө­ліс­кен» аталымының үз­дігі Әлішер Бекмұстафаевты мара­пат­тады.

Салтанатты шараны Алматы об­лы­­сы­ның әкімдігі мен Алматы об­лы­сы бойынша «Рухани жаң­ғыру» өңірлік жобалық кеңсесі ұйым­дас­тыр­ды.

Бөлісу:
Волонтерлер марапатталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар