Саясат
1 мин оқу 122

Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсетті

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қазақстанның Елшісі Асқар Тәжібаев Тәжікстанға гуманитарлық көмекті тапсыру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Ол Қазақстан Үкіметінің Қаулысына сәйкес, Тәжікстанға оның құрамына өкпені жасанды желдету және оттегі ингаляциясы бар «Кокчетав-4П» 100 портативті аппараттарын тапсырды.

Гуманитарлық көмекті Тәжікстанның Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрі Джамолиддин Абдуллозода қабылдады.

Елші өз сөзінде Тәжікстан – Қазақстанның сенімді серіктесі және одақтасы, достық пен тату көршілікке негізделген стратегиялық ынтымақтастық пен екі бауырлас ел арасындағы өзара іс-қимыл, оның ішінде гуманитарлық өлшемде де қарқынды дамып, нығайып келе жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде Д. Абдуллозода тәжік тарапы Қазақстан Үкіметінің көрсеткен көмегін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Бөлісу:
Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар