Елбасы
1 мин оқу 2,421

Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысының әкімін қабылдады

<p style="text-align: justify;">Кездесуде Елбасыға өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және пандемия жағдайында азаматтарды қолдауға бағытталған шаралар туралы баяндалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Б.Сапарбаевқа «Қамқорлық» бастамасын қолдап, облыстық көпсалалы балалар ауруханасының базасында оңалту орталығын ашқаны үшін ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірге инвестиция тарту жұмысы жөнінде ақпарат берілді. Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, осы жылдың соңына дейін Жамбыл облысына 368 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылады.

Бөлісу:
Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысының әкімін қабылдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар