Жаңалықтар
1 мин оқу 240

Павлодар облысы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

<p style="text-align: justify;">Павлодар облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев өңірдегі карантиндік шектеу шаралары туралы қаулысы жарияланды, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.k</a>z.</p>

Павлодар облысы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Қаулыға сәйкес, өңірде мынадай тыйымдар мен шектеулер енгізіледі:

  • ашық және жабық ғимараттарда ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, отбасылық, ұжымдық, корпоративтік, салтанатты (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру)  іс-шараларын  және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
  • жеке үй-жайлар мен құрылымдарды бұқаралық корпоративтік және басқа шараларды өткізу үшін жалға алуға тыйым салу;
  • ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, қорқор бөлмелері, компьютер клубтары, ойын клубтары, букмекер кеңселер, лото терминалдары бар объектілер, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, кино-театрлар, батуттар мен балалар және ересектерге арналған өзге де ойын-сауық орындарықызметіне тыйым салу;
  • кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салу (кезекші топтарға 15 адамнан аспайтын баланы жинап жұмыс істеуге рұқсат етіледі);
  • 30-дан аспайтын адамның қатысуымен өтетін жеке, топтық дайындықты қоспағанда, театрлардың қызметіне тыйым салу;
  • 2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы  5 қаңтарға дейін жаңа жылдық  ертеңгіліктер,  мерекелік корпоративтік шаралар ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу;
  • фудкорттардың, банкет залдарының қызметіне тыйым салу;
  • спортшылардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуы үшін шығуына тыйым салу;
  • кеңестерді  (отырыстарды) көзбе-көз  режимінде өткізуге тыйым салу.

 Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

Бөлісу:
Павлодар облысы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар