Гүлшара Әбдіқалықова балалар ауылына барды

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылына барып, ондағы тәрбиешілер мен балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Мұнда бүгінде 7 отбасы, 56 бала тұрады.

Аймақ басшысы алдымен «Байқоңыр» үйіне кіріп, отбасы мүшелерімен танысты. Бұл отбасында әр ұлттың балалары тәрбиеленеді. Отбасының ана-тәрбиешісі Жұлдыз Сәдібековабалалардың бөлмелерін көрсетті. «Байқоңыр» үйінің бірінші қабатында ойын бөлмесі бар. Тәрбиеленушілер мұнда бос уақыттарында ойын ойнап, қолөнермен айналысады. Ал, балалардың оқу бөлмесінде Елбасына арналаған Құрмет тақтасы орнатылған. Үйдің екінші қабатында жатын бөлмелері мен қонақ бөлмесі орналасқан.
Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Алатау»шығармашылық үйінің жұмысымен де танысты. Акт залында өңір басшысы балалар үйінің тәрбиеленушілері ұйымдастырған жаңа жылдық мерекелік шараны тамашалап, оларды мерекемен құттықтады.
Шара соңында балалар үйінің ауласындағы жасыл шырша қасында аймақ басшысы тәрбиеленушілермен естелікке суретке түсті.