Руханият
3 мин оқу 2,590

Бетпердемен туған әзілдер

<p style="text-align: justify;">&laquo;Цойдың бұйрығынан қой&shy;дың құйрығы күшті болып тұр...&raquo; деп еді-ау.</p> <p style="text-align: justify;">&nbsp; *</p>

Бетпердемен туған әзілдер

«Осыдан бес жыл бұрын банк­ке маскамен кіргенім үшін сотталып кеткем. Босап шығып кеше сол банкке маскасыз кіріп едім, тағы да қолымды қайырып 15 күнге жауып тастады. Түк түсінсем бұйырмасын» депті бір пақыр.

 * * *

– Дәрігер, коронавирус індеті қашан аяқталады?

– Білмеймін, мен саясатқа араласпаймын.

 * * *

Zoomжалған.

 * * *

– Жаным, маған тұрмысқа шығасың ба?

–  Жоқ, қазір ешқайда шығуға болмайды.

 * * *

Маск Марсқа зымыран жі­беріп жатқанда, біз үйде маска тігуді бастадық.

 * * *

Аузынан ақ ит кіріп, ковид шықты.

 Әнағаңның әзілдері

Апыраймериз...

 * * *

Бұрын көрінгенге жұдырығын ала жүгіретін адамнан шошушы едік, қазір бұл – амандасу...

Жүз теңгең болғанша, жүз антисептигің болсын!

 * * *

Үстінен спирттің иісі шықса, қадірлі болатын уақыт жетті.

* * *

Қазақ халқы шын мәнінде салынар айыппұлдан қорқып бетперде тағады.

 * * *

– Құрметті, қазақстандықтар! Біз бүгін коронавирусты анық­тайтын тест сынамаларын жүр­гіздік. Өкінішке қарай, 56 адамнан жаман аурудың белгілері табылды.

– Сонда жалпы қанша адам тест сынамасын тапсырды?

– 56.

 * * *

Шынымды айтсам, мен бі­рінші рет ковидтің кесірінен Ан­та­лиядағы жазғы демалысым­нан бас тарттым! Бұрын бұл қа­дам­ға ақшам болмағандықтан бара­тынмын.

 * * *

Достар, осы бір қиын кезеңде бір-бірімізден аулақ болуымыз керек.

 * * *

Жаңа ауру түрі пайда болды: «асимптоматикалық науқастар». Бұрын оларды «сау адам» деп атайтын.

 * * *

Жалғыз ағаш орман болмас,

Жалғыз адамға вирус жұқпас.

 * * *

Коронавирус ұзаққа созылмайды. Өйткені, ол Қытайда жасалған!

 * * *

Несиеңізді төлеуге асықпа­ңыз. Егер банктен хабарласса, жай ғана жөтеліңіз!

Ел аузынан

«Жаңа сөздік»

Енегурация – ресми түрде келін түсіру салтанаты.

Құлағиат – біреуден естіп алып, өзі шығарғандай айту.

Пәлеглот – пәленің бәрін бі­летін адам.

Маскаралау – бетпердесі жоқ адамды жазалау.

Тістепілер – степлердің қазақ­шасы.

Вузарт – университет сахнасында өнер көрсететін 2-3 жігіт­тен құралған топ.

Лағылшын тілі – шетелдікпен сөйлескенде сөз жетпей қалғанда қосылып кететін жаңа тіл.

Алдар көше – бюджеттен ақша бөлініп, алайда соңына дейін салынбай қалған көше.

Енеолит дәуірі – үйленгеннен кейін басталатын тарихи кезең.

Киіт парад – құдалықта жасалатын рәсім.

Кемпіридж – әже тәрбиесін беретін отбасы институты.

Ашаба – пандемия кесірінен табыс көзінен айырылған шоу­мен.

#бізбүргеміз – бетперде кимей, карантин ережесін сақтамай, өзіне де, өзгеге де жұқтырып жүре­тіндердің ұраны.

Пахансия – әкесі тауып берген жұмыс.

Инста-парақшадан

Бөлісу:
Бетпердемен туған әзілдер · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар