Саясат
2 мин оқу 213

Медқызметкерлер қандай қолдауға да лайық

<p style="text-align: justify;">Шымкентте Қазақстан Халық партиясының атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Гүлайша Мүсілтаева өңірдегі медицина қызметкерлерімен кездесті. Жүздесу кезінде сапалы медицина, әлеуметтік төлемдер мен дәрігерлердің, медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мәселелері талқыланды.</p>

Медқызметкерлер қандай қолдауға да лайық

– Күрделі санитарлық-эпи­де­­миялық жағдайда жұмыс істеп жатқан дәрігерлеріміз бен кіші медициналық қызмет­кер­­леріміз қаржылық қолдау шара­­ларының жаңа пакетіне лайықты. Дәрігерлер мен сани­тар­­ларды жеке қорғаныс құрал­дарының жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз ету жұмысын тоқ­татуға болмайды, – дейді Г.Мү­сілтаева.

Кандидаттың айтуынша, мем­лекет қауіпті инфекциямен кү­ресте алдыңғы қатарда жүр­ген және вирус жұқтырған адам­дар­мен байланыста болған барлық дә­рі­герлерге үстемеақы төлеуі тиіс.

– Ел Президенті мемлекеттің денсаулық сақтауға жұмсайтын шығындарын осы жылдан бастап ішкі жалпы өнімнің 5%-на дейін арттыру міндетін жүктеді. Әри­не, бұл маңызды қадам. Бірақ бұл қаржы азаматтардың ден­саулығын қорғауды тиімді қам­тамасыз ету үшін жеткіліксіз. Қазақстан Халық партиясының мүшелері таяу жылдары мемле­кет­тің медицинаға арналған шығыс­тарының көлемін ұлғай­ту­ды көздеп отыр. Барлық дамыған елдерде денсаулық сақтау сала­сына көп көңіл бөлінеді. Қазақ­стан да осы жолды ұстануы керек, – дейді Г.Мүсілтаева.

Кездесуге қатысушылар ден­саулық сақтау жүйесіндегі өзекті мәселелерге тоқталып, пайым пі­кірлері мен шағымдарын жет­кізді.

Сондай-ақ Теміртауда Пар­ламент Мәжілісінің депутат­ты­­ғына осы партияның атынан кан­дидат Дмитрий Полтаренко «Ме­нің үйім» дағдарыс орта­лығының мүшелерімен кездесті. Әңгімеге балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың жиілеп кетуі өзек болды. Кандидат Қазақстанда отбасындағы зор­лық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдарды өзгерту қажеттігін алға тартып, жазаны қатаңдату керектігін жеткізді.

– Карантин енгізілгеннен кейін әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зом­былық фактілері жиілеп кетті. Осы жылдың сәуір айында 150 нөмірі бойынша жедел желіге тұрмыстық зорлық-зомбылық құр­бандарынан 300-ден астам өтініш келіп түсті. Зардап шеккендер полицияға қоңырау шала алады. Бірақ зардап шегу­шілер мұндай жағдайда тәртіп сақ­шылары көмектеспейді деп қорқады. Себебі полиция қызмет­кер­лері отбасы мүшелерін татулас­тыруға тырысады. Егер отбасы­ның шырқын бұзған адам жауапқа тартылған жағдайда тек айыппұл ғана төлейді, – дейді Д.Полтаренко.

Кандидаттың пікірінше, қо­ғамда полиция мен сот жүйе­сіне сенімсіздік бар. Құқық қор­ғау және сот органдарында әйел­дер­дің аз ғана өкілінің болуы сот төрелігін зардап шеккендердің пай­дасына қол жеткізуді қиын­датады.

– Биыл Қазақстанда тек 8 айдың ішінде отбасылық-тұр­мыстық зорлық-зомбылық ба­ғытында 130 мыңнан астам құқықбұзушылық жасалды. Алай­да бірнеше адамның ісі ғана сотқа жетеді. Кейінгі үш жыл­да отбасылық-тұрмыстық зор­лық-зомбылық фактілері 2,5 есе өсті. Сондықтан тұрмыстық зор­лық-зомбылық туралы жаңа заң жобасын қабылдау өзекті болып отыр. Қазақстан Халық пар­тиясы осы бағытта белсенді жұмыс істеуге ниетті, – дейді Д.Пол­таренко.

Бөлісу:
Медқызметкерлер қандай қолдауға да лайық · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар