Аймақтар
1 мин оқу 272

Атырауда тағы бір «Ашық әкімдік» ашылды

<p style="text-align: justify;">Жыл алмасар қарсаңда Мақат ауданында &laquo;Ашық әкімдік&raquo; кеңсесі жұмысын бастады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда тағы бір «Ашық әкімдік» ашылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Қанат Сүлейменовтің мәліметінше, бұған дейін алты аудан мен Атырау қаласының әкімдігі «Ореn-space» форматындағы жаңа жүйеге көшкен болатын.

«Президент Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруды тапсырған еді. Мемлекеттік органдардың жұмысын  сервистік модельге көшіру мемлекеттік қызметшілердің жаңа ұйымдастырушылық мәдениетінің көрінісін, сондай-ақ, халыққа қызмет көрсетудің қолайлы ортасын құруды қамтамасыз етеді. Бұл – өңірдегі сегізінші «Ашық әкімдік» дейді департамент басшысы Қанат Сүлейменов.

Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкиннің айтуынша, «Ашық әкімдік» кеңсесі кеңес беруге арналған алаңмен, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышымен, ақпараттық стенділер мен  WI-FI желісімен қамтылды. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы жағдай  жасалып отыр.

Бөлісу:
Атырауда тағы бір «Ашық әкімдік» ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар