Аймақтар
1 мин оқу 401
Теңіз кенішіндегі қойма отқа оранды
<p style="text-align: justify;">Атырау облысындағы ең ірі кеніштің бірі – Теңіз. Кеше осындағы вахталық кентте орналасқан қойма отқа оранды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«31 желтоқсанда Теңіз кенішіндегі өндірістік алаңнан тыс вахталық кенттегі мердігерлік мекеменің қоймасы өртенгені белгілі болды. ТШО-ның өрт-авариялық қызметінің қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. Ғимараттан барлық қызметкер эвакуацияланды. Ешкімге медициналық көмек қажет болмады» делінген «Теңізшевройл» ЖШС-нің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Өрт туралы тиісті органдарға хабарланыпты. Енді қойманың неден өртенгені тексеру кезінде анықталады.
Бөлісу: