Қоғам
1 мин оқу 340
Жаңа жыл қарсаңында елордада 32 бала дүниеге келді
<p style="text-align: justify;">1 қаңтар түнгі сағат 00.00-ге дейін елордада 32 нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес түнгі 00:00-ден бастап көпсалалы қалалық ауруханалардың акушерлік блоктарында 16 ұл мен қыз дүние есігін ашты. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 8 балаға көп.
Айта кетсек, елордада күніне орта есеппен 30-35 бала дүниеге келеді.
Бөлісу: