Қоғам
1 мин оқу 1,042

«Аңсаған сәби» үшін Алматыда 800 квота бөлінді

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтылған &laquo;Аңсаған сәби&raquo; бағдарламасын іске асыру аясында экстракорпоральды ұрықтандыруға квота саны 7 есеге ұлғайтылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Аңсаған сәби» үшін Алматыда 800 квота бөлінді

2021 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылады. Осы бағдарлама шеңберінде ЭКО-ға квота саны 7 есеге ұлғайтылды, оның ішінде Алматыға 2021 жылға бөлінгені 800-ге жуық квота. Салыстыру үшін 2020 жылы 130 квота бөлініп, пайдаланылды.

ЭКО-ға жіберу туралы шешімді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. ЭКО-ны әйелдің өзі таңдайды.

Бүгінде басқарманың кезегінде 700-ге жуық әйел бар, оның 400-і 2020 жыл ішінде өтініш берген.

ЭКО процедурасына өтініш беру үшін тіркелген емханаға бару керек, сол жерде тексеруден өткен соң, процедураға жібереді.

Бөлісу:
«Аңсаған сәби» үшін Алматыда 800 квота бөлінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар