Аймақтар
1 мин оқу 230

Атырау облысында сушиден 47 адам уланды

<p style="text-align: justify;">Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Жылыой ауданында сушиден 47 адам уланды. Олардың бәрі &laquo;Три Самурая&raquo; дәмханасынан тапсырыспен алдырған сушимен тамақтанып, кейін дәрігерлерге жүгініпті, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Атырау облысында сушиден 47 адам уланды

«Қазір аудандық орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде 9 науқас жатыр. Бұлардың жағдайы жақсарып келеді. Өз қалауымен амбулаторлық ем алуға жіберілдер де бар.. Ал басқа науқастар денсаулығының түзелуіне байланысты ауруханадан шығарылды. Сушиден уланған науқастармен қарым-қатынаста болғандар анықталып, медициналық бақылауға алынды», деді Жылыой аудандық орталық ауруханасының директоры Нұрбек Үкібаев.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғындарға суши сатқан «Три самурая» дәмханасы жабылды.

Бөлісу:
Атырау облысында сушиден 47 адам уланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар