Бизнес
1 мин оқу 202

«Бастаудан» кәсіп бастағандар

<p style="text-align: justify;">Былтыр Қостанай облысында &laquo;Атамекен&raquo; кәсіпкерлік палатасы ұйымдас&shy;тыр&shy;ған &laquo;Бастау&raquo; курстарында 1 400 адам білім алды. Бүгінге дейін &laquo;Бастаудың&raquo; 773 түлегі ауыл шаруашылығы, тұрмыстық қызмет көрсету және шағын өндіріс саласында жеке кәсіп ашқан.</p>

«Бастаудан» кәсіп бастағандар

«Карантин жағдайында енгізілген шектеу шараларына байланысты былтыр жобаны «Atameken Academy» порталы арқылы онлайн режімде жүзеге асырдық. «Бастау» бойынша білім алғандардың 637-сі ер адамдар, 763-і әйелдер. 737 тү­лек әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұр­ғын­дар қатарына жатады, оның ішін­де NEET санатындағы 437 жас бар. Сондай-ақ, өткен жылы «Бастаудан» тұр­мысы төмен отбасы мүшелері болып сана­латын 30, көп балалы отбасылардан шық­қан 166 адам және еңбекке қабілетті мүм­кіндігі шектеулілер санатына жататын 52 адам білім алды», дейді облыстық кә­сіп­керлер палатасының директоры Мұрат Әбенов.

Карантинге қарамастан кәсіп ашуға ниеттенген 773 адамға мемлекет қолдау көр­сетті. 224 тұрғын жалпы көлемі 798 млн теңге жеңілдетілген несие алса, 556 адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 200 АЕК мөл­ше­рін­дегі грант иеленді. Сонымен қатар 5 адам «Бизнестің жол картасы-2025» бағ­дар­ламасы бойынша жалпы көлемі 21,6 млн теңгенің грантын алды.

Жалпы, Қостанай облысында соңғы 4 жыл ішінде «Бастаудан» білім алған 8 876 адамның 2 923-і жеке кәсіп ашқан. Олардың ішінде кәсібін кеңейткендер де бар.

 

Қостанай облысы

Бөлісу:
«Бастаудан» кәсіп бастағандар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар