Аймақтар
1 мин оқу 141

Солтүстік Қазақстанда 22 адам індеттен емделіп жатыр

<p style="text-align: justify;">Солтүстік Қазақстан облысында қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 8 856-ға жетсе, солардың 8 101-і ем-дом алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Облыстық санитариялық-эпидемиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше 57 адам коронавирус жұқтырған. Олардың 33-інде ауру белгісі болған. Ең көп ауырғандар Петропавл қаласында - 27 адам.

Жалпы облыста 4 зертхана ПТР зерттеу жүргізеді. Пандемия басталғалы облыста КВИ-ға 213 216 зерттеу жүргізілді. Соның тек 4 пайызында ғана нәтиже оң болған. Ал кеше ПТР әдісімен 725 зерттеу жүргізілді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі қазір өңірдегі инфекциялық стационарлар 41% ғана толық екенін мәлім етті.

Бұдан бөлек, 22 адам ауыр халде жатса, 41 адам қайтыс болды.

Бөлісу:
Солтүстік Қазақстанда 22 адам індеттен емделіп жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар