Қызылорда облысында киік атқандар ұсталды
<p style="text-align: justify;"> Қызылорда облысында киік ату дерегі тіркелді. «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс шарасы барысында Қазақстан Республикасы ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің қызметкерлері түнгі сағат 03.20 шамасында Төретам кентінен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолына шығатын жолда «Лада Ларгус» маркалы автокөлікті тоқтатады. Тексеру барысында автокөліктің жүксалғышынан 4 бас киік ұшасы табылды. Бұдан бөлек, жүксалғыштан 1 қоян, 12 калибрлі екі аңшы мылтығы мен оқ дәрілер айғақ зат ретінде алынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Киік атқан екі күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы 2-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде. Қазір күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде.
Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Полицейлер оқиғаның мән – жайларын анықтауда.