Ауа райы
1 мин оқу 1,670

Елімізде қатты аяз болады

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, аяз болады. Республика бойынша кей жерде 6 қаңтарда 40 градус аяз болады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Қазгидрометке сілтеме жасап.</p>

Синоптиктердің мәліметінше, 6 қаңтарда түнде Шығыс Қазақстан облысында кей жерде минус 40 градусқа дейін қатты аяз болады. Өскемен мен Риддерде екінші дәрежелі қолайсыз метеожағдайлар сақталатыны айтылады.

Жамбыл облысында 6-8 қаңтарда, ал Батыс Қазақстан облысында тек 6 қаңтарда тұман түседі.

6 қаңтарда түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Бөлісу:
Елімізде қатты аяз болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар