Экономика
1 мин оқу 445

Шағын бизнес электронды саудаға көшті

<p style="text-align: justify;">Пандемия басталғалы виртуалды түрде жұмыс істейтін кәсіп&shy;керлердің қатары көбейе түсті. Мұның сыртында, қоғамдық тамақтану нысандарының көбі Whats App және Instagram арқылы белсенді сауда жүргізе бастады. Сарапшы мамандар электронды сауданың әлі де жалғаса беретінін айтады.</p>

Шағын бизнес электронды саудаға көшті

Биыл Қостанай облысында жалпы құны 11,5 млн теңге болатын 69 цифр­лы жоба жүзеге асырылды. Мә­селен, «Баян сұлу» фабрика­сын­да вафельді кәмпиттер мен шо­коладты батондар шы­ғаратын авто­маттандырылған өн­ді­рістік желі іске қосылды. Ал «Жас Қанат 2006» құс фабри­касы жем дайындайтын және жұ­мыртқа таситын құрылғы­ларын жаңғыртты.

Ақпараттандыру басқармасы бас­шысының айтуынша, аймақта созылып бара жатқан пандемияға байланысты шағын және орта биз­нестің де электронды саудаға жүгінуі жиілеген.

«Облыстық әкімдік қазір фулфилмент орталығын іске қо­суды қа­рас­тырып жатыр. Бұл ор­талық іске қо­сылса, пошта­лық жөнелтілімдердің көлемі ар­­тып, тауарларды жеткізу мер­зімі қысқарады. Биыл «Қазпош­таның» облыстық филиалы франчайзинг нүктелерінің есебінен 25 қосымша бөлімше ашты. Элек­тронды сауданы дамыту бо­йынша онлайн бақылау-касса­лық машиналарын енгізу жұ­мыстары жүріп жатыр. Бүгінде 35 мың кассалық машина онлайн режімде жұмыс істейді», деді облыстық ақпа­рат­тандыру, мемлекеттік қызмет көр­сету жә­не архив басқармасының басшысы Азамат Қашиев.

Мұның сыртында, бүгінде Қос­танай облысында виртуалды түрде жұмыс істеп жатқан 167 бизнес нысаны тіркелген.

Қостанай облысы

 

Бөлісу:
Шағын бизнес электронды саудаға көшті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар