Оқиға
1 мин оқу 400

Асық ойнаған шетелдіктер

<p style="text-align: justify;">Төрт жыл бұрын ЮНЕСКО-ның шешімімен қазақтың ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан асық ойыны &laquo;Адамзаттың материалдық емес мұралары&raquo; тізіміне енгізілген еді. Енді асық ойынына Атыраудағы компанияларда жұмыс істейтін шетелдіктер қызығушылық таныта бастады.</p>

Асық ойнаған шетелдіктер

Мәселен, «Теңізшевройл» ЖШС-ның қызметкерлері түскі үзілісте асық атады. Ләңгі тебеді. Түскі үзілісті дәл осы­­лай көңілді өткізуді Үкімет жә­не жұрт­шылықпен байланыс бөлі­мі­­нің менеджері Хамиш Полс ұсын­ған екен. Менеджердің бұл ұсынысы әріп­тестерінің тарапынан қолдау тауыпты.

– Қазақстан – тарихы бай ел. Ал қазақтың көп ғасырлық дәстүрі баршаны қызықтырады. Әсіресе ұлттық ойындарының жөні бөлек. Соның ішінде асық ату ойыны – дәлдік пен еп­тілікке, шеберлікке үйрететін таптыр­майтын әдіс. Ләңгі тебудің де өзін­дік қызығы бар. Мұндай ойындар, біріншіден, адамның сергек жүруіне оң әсерін тигізеді. Екіншіден, әріптестер ара­сындағы корпоративтік байланыс­ты нығайта түседі, – дейді Хамиш Полс.

Қазір шетелдіктер асық атып, ләңгі тебу үшін түскі үзілісті асыға күтеді. Аталған ойындарды бір-біріне үйретіп жүр. Тіпті шетелдіктер тоғызқұмалақ ойнауға да бет бұрып отыр.

Атырау облысы

Бөлісу:
Асық ойнаған шетелдіктер · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар