Қазақстанда ескі көліктер утилизацияға қабылданады
<p style="text-align: justify;">Елімізде қолданыстан шығып қалған көліктерді утилизацияға қабылдаудың 2021 жылғы бағдарламасы 11 қаңтарда дайын болады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
11 қаңтардан бастап Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Семей, Талдықорған, Тараз, Өскемен және Шымкент қаласындағы қабылдау бекетіне көлікті өткізуге болады.
Ал 18 қаңтардан бастап Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Петропавл мен Орал қалаларының қабылдау бекеті жұмысын бастайды.
Сонымен бірге 1 ақпаннан бастап ескі көліктер Алматы қаласында да қабылданады. 2021 жылы АЕК көлемі артқандықтан ескі көлік үшін берілетін төлем көлемі де өсті:
- М1санаты бойынша – 210 024 тг;
- М2 санаты бойынша – 420 048 тг;
- М3,N3 санаты бойынша – 630 072 тг.
Қабылдау бекеттерінің мекенжайы recycle.kz порталында жарияланған.