Аймақтар
1 мин оқу 675

Арал ауданының тұрғынынан тіркелмеген мылтық тәркіленді

<p style="text-align: justify;">&laquo;Құқық тәртібі&raquo; жедел-алдын алу іс-шарасы барысында қызылордалық полицейлер Арал ауданы тұрғынының нөмірі өшірілген 16 калибрлі мылтығын тәркіледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Арал ауданының тұрғынынан тіркелмеген мылтық тәркіленді

5 қаңтарда Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ауыл тұрғынының үй ауласындағы сарайынынан қару тапқан. Зауыттық тәсілмен дайындалған  мылтық  ішкі істер органдарында тіркелмеген болып шықты.

Айғақ зат Қызылорда облысы Полиция департаментінің жедел-криминалистикалық бөліміне зерттеуге жіберілді.

Қазір бұл азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар  сотқа жолданды.

Бөлісу:
Арал ауданының тұрғынынан тіркелмеген мылтық тәркіленді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар