Асхат Аймағамбетов Шымкент қаласының ұстаздарымен кездесті
<p style="text-align: justify;">Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Шымкентке жұмыс сапары барысында білім беру ұйымдарының педагогтерімен және оқытушыларымен кездесті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Министр мегаполистегі №1 мектеп-гимназиясында, Жол-көлік колледжінде, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде болып қайтты.
Асхат Аймағамбетов педагогтер мен оқытушыларға министрлік атқарып жатқан негізгі жұмыстар бойынша ақпарат берді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы міндеттеген тапсырмалардың орындалуы туралы кеңінен тоқталып, қабылданған жаңа нормативтік-құқықтық актілер мен білім беру мәселелері бойынша заңнамадағы өзгерістер туралы айтты.