Бокс
1 мин оқу 153

Боксшылар АҚШ-та жаттығады

<p style="text-align: justify;">Бокстан Қазақстан ұлттық құрама&shy;сының бірқатар боксшысы Олимпия ойындарына дейінгі дайындығын АҚШ-та пысықтамақ.</p>

Боксшылар АҚШ-та жаттығады

Қазақстан бокс федерациясының мәліметі бойынша, оқу-жаттығу жиынына аттанған боксшылардың ішінде команда капитаны Қамшыбек Қоңқабаев (+91 кг), Василий Левит (91 кг), Бекзат Нұр­дәулетов (81 кг), Зәкір Сафиуллин (63 кг) және Айболды Дәуренұлы (81 кг) бар. Былғары қолғап шеберлеріміз мұхит­тың арғы бетінде 30 қаңтарға дейін аға жаттықтырушы Марат Жақиевтің басшы­лығымен жаттығады. Сондай-ақ АҚШ-тың маңдайалды бапкер­лерінен физикалық жаттығу бойынша тәлім алады деп жоспарланған.

Бөлісу:
Боксшылар АҚШ-та жаттығады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар