Парламент
1 мин оқу 154

Нұрлан Нығматулин православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

«Қазақстандағы православ христиандарын Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл жарқын да мейірімді мейрам әрбір үйге, әрбір отбасына амандық, бақыт, тыныштық әкелсін!» - деп жазды Н. Нығматулин.

Мәжіліс Төрағасының пікірінше, бұл мереке қазақстандықтарды ізгілікке, бірлік пен ынтымаққа шақырады. Нұрлан Нығматулин осы жолда Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әрқашанда ұлтаралық татулықты, халықтар бірлігі мен дінаралық байланыстарды нығайтуға баса назар аударғанын айта келе, елімізге тұрақтылық, барша қазақстандықтарға зор денсаулық тіледі.

Бөлісу:
Нұрлан Нығматулин православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар