Коронавирус
1 мин оқу 190

Жандарбек Бекшин мәжбүрлі шараларға түсіністікпен қарауға шақырды

<p style="text-align: justify;">Бүгін Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин азаматтардан мәжбүрлі шараларға түсіністікпен қарауды және вирустың бөлінуі тоқтағанға дейін оқшауланудан бас тартпауды сұрады, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Жандарбек Бекшин мәжбүрлі шараларға түсіністікпен қарауға шақырды

Бас санитар дәрігердің айтуынша, КВИ жұқтыру ошақтарының құрылымында ауырғандардың 44%-ы қоғамдық орындарда (сауда және қоғамдық тамақтану нысандары, базарлар) және отбасыларда – 28% жұқтырған Соңғы аптада 2020 жылғы 25 желтоқсаннан басталған карантиндік стационарларда КВИ-ның жеңіл және симптомсыз түрлерімен ауыратын науқастарды оқшаулау нәтижесінде отбасындағы байланыстар бойынша ауырғандардың үлес салмағы 7,1%-ға төмендеген.

«Сонымен бірге, егер ауруханаға жатқызудан бас тарту және отбасы мүшелері арасында жұқтырудың жалғаспаса, бұл шараның тиімділігі жоғары болар еді. Осыған байланысты азаматтардан осы мәжбүрлі шараға түсіністікпен қарауды және вирустың бөлінуі тоқтағанға дейін оқшауланудан бас тартпауды сұраймыз», деді Ж.Бекшин.

Бөлісу:
Жандарбек Бекшин мәжбүрлі шараларға түсіністікпен қарауға шақырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар