Аймақтар
1 мин оқу 230

Атырауда нөмірі жасырылған көлікті жүргізген жасөспірім ұсталды

<p style="text-align: justify;">Атырауда патрульдік полиция қызметкерлері мемлекеттік нөмірі медициналық маскамен жасырылған &laquo;Тойота Камри&raquo; автокөлігін жүргізген жасөспірімді ұстады, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Атырауда нөмірі жасырылған көлікті жүргізген жасөспірім ұсталды

«Тексеру кезінде бұл көлікті 16 жастағы жасөспірім жүргізгені анықталды. Жасөспірімге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің  590-бабының 4-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылды. Іс құжаттары сотқа  жолданып, автокөлік айып тұрағына қойылды» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ жасөспірімге аталған Кодекстің 612-бабының 4-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылып, 29 170 теңге көлемінде айыппұл салынды. Оның ата-анасына Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 442-бабының 2-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді.

Бөлісу:
Атырауда нөмірі жасырылған көлікті жүргізген жасөспірім ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар