Өнер
1 мин оқу 680

Символизм сиқыры

<p style="text-align: justify;">Ұлттық музейде &laquo;Бір туынды тарихы&raquo; жобасы аясында ЮНЕСКО жанындағы АІСА мүшесі, Көркемсурет академиясының академигі, белгілі суретші Ботагөз Ақанаеваның &laquo;Теңіз ханшайымы&raquo; атты туындысы таныстырылды.</p>

Символизм сиқыры

Туынды сәндік натюрморт жанрында орындалған. Сәндік натюрмортта сызықтарға, сұл­баға, олардың қозғалысына және таңбамен өзара әрекетіне ба­сымдық беріледі. Сондай-ақ құрақ түріндегі аппликативті өрнектерді пайдалануға да болады.

Ботагөз Ақанаева сәндік үлгідегі заттар әлемін жиі бей­­нелейді. Бейнелейтін зат­тар­дың пішіні жайпақ әрі шартты болады. Жарық пен көлеңкені тұмшалайды. Сурет оқыр­манға жеңіл, қажет емес детальдардан арыл­ған. Олар­дың орнына әрбір сұлба безендіріле түс­кен.

Сурет тігінен үйлестірілген, сондықтан заттардың (ваза, құ­мыра және бөтелке) піші­ні тік, бір сызықтың бойына тұр­ғызылған. Бұл олар­ды форматқа жинақы орналас­ты­руға мүмкіндік береді. Ком­­позицияның орталығы –  кар­тинаның ортасындағы ва­заның ернеуіне орналасқан Теңіз ханшайымы – балық. Ол картинадағы жалғыз көлденең элемент болғандықтан назарды өзіне аудартады. Суретші туындысында символизмге жүгінген.

Балық өнерде табиғаттың символы саналады. Дәстүрлі тү­сініктерге орай, өмір қай­­на­ры –

су. Сондықтан бағзы заманда балықты тіршіліктің пайда болуының символы ре­тінде қастерлеген. Қы­тай ті­лінде «балық» және «мол­шы­лық» бірдей таңбаланып, бірдей дыбысталады.

Картинаға дәл симметрия, сәндік бояулардың қанық­тығы, бояу дақтары мен сұл­ба­лардың тепе-теңдігі, кеңіс­тіктің тұйықтығы тән.

Айта кетейік, Ботагөз Ақа­­наева Н.В.Гоголь атын­дағы Алматы көркем­сурет учили­щесінің түлегі, ма­мандығы бойынша театр де­­кораторы. 1990-жылдан рес­­публикалық, бү­кіл­одақ­тық және халық­ара­лық көр­ме­лерге қатысқан.

Бөлісу:
Символизм сиқыры · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар