Әдебиет
1 мин оқу 1,400

Жыл кітаптары анықталды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Бір ел &ndash; бір кітап&raquo; республикалық акциясы оқырмандар арасында қалыптасқан дәстүрге айналып келеді. Аталған жоба қазақ әдебиетінің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулуға бағытталған.</p>

Жыл кітаптары анықталды

Мәдениет және спорт министр­лігінің қолдауымен Ұлттық академия­лық кітапхана 15 жыл қатарынан ұйым­­да­стырып келе жатқан акция ая­сында таңдалған кітаптар респуб­ли­калық, облыстық, қалалық, аудан­­дық, ауылдық және мектеп кітап­ха­наларында кеңінен насихатталып жүр.

Жуырда 2021 жылдың Жыл кітап­тарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы комиссиясының ке­зекті отырысы болып өтті. Бұл жолы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жал­пыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып отыр. Жоба аясында поэзия жанры бойынша Мұқағали Мақа­таевтың «Өмірдастан», Жұме­кен Нәжімеденовтің «Менің Қазақстаным», Ұлықбек Есдәулеттің «Киіз кітап», Серік Ақсұңқарұлының  «Кө­кейімде Күлтегіннің жазуы» жи­нақтары, ал проза жанры бойынша Тынымбай Нұрмағамбетовтің «Періш­телердің өлімі», Тобық Жар­мағам­бе­товтің «Отамалы», Тұрысбек Сәу­ке­тайдың «Желқайық», т.б. шы­ғар­малары таңдалған. Бұдан бөлек драматургия, балалар әдебиеті, аударма жанрларында да бірнеше оқылымды авторлар қамтылған.

Бөлісу:
Жыл кітаптары анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар