Теннис
1 мин оқу 101

Abu Dhabi турнирі сәтті басталды

<p style="text-align: justify;">Бұл күндері Біріккен Араб Әмір&shy;ліктерінің бас шаһары &ndash; Әбу-Даби қаласында теннистен халықаралық Abu Dhabi WTA Women&rsquo;s Tennis Open турнирі өтіп жатыр. Жүлде қоры 565 530 АҚШ долларын құрайтын дода қазақстандық спортшылар үшін сәтті басталды.</p>

Abu Dhabi турнирі сәтті басталды

Жерлестеріміз арасында жарыс шымыл­дығын әлемдік рейтингте 28-орынға жайғас­қан Юлия Путинцева ашып берді. Алғашқы айналымда WTA рейтингінде 85-орында тұрған италиялық Мартина Тревизанмен бақ сынаған отандасымыз екі сетте 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Екінші жарыс күнінде Путинцеваның жеңісті жолын еліміздің бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Елена Рыбакина сәтті жалғастырды. Тағы бір италиялық теннисші Лукреция Сте­фанинимен кортқа шыққан ол қарсы­ласына еш мүмкіндік қалдырмады. Бір сағатқа созылған кездесуде Рыбакина 6:1, 6:3 есебімен басым түсті. 

Өкінішке қарай, осы турнирде бақ сынап жатқан тағы бір теннисшіміз – Зарина Диас бірінші айналымнан ары аса алмады. Ресейлік Екатерина Александровамен бақ сынаған Диас 6:4, 6:4 есебімен қарсыласына жол берді.

Бөлісу:
Abu Dhabi турнирі сәтті басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар